KAZNRTU LMS / ДЖУНУСОВА САЛТАНАТ МАМЕТЖАНОВНА
Информация об авторе:
  • E-mail адрес :
  • Ученая степень :
  • Ученое звание :
  • Должность :
  • Количество курсов : 7
  • Популярность курсов : 540
  • Подробнее...
Курсы:
“Алгоритмдер және деректер құрылымы” пәнін оқудың негізгі мақсаты – символдық және графикалық мәліметтерді кодтау туралы, оларды түрлі кодтау жүйелерінде жазу тәсілдері, түрлі алгоритмдерді талдау туралы теориялық білім беру болып табылады. Пәнді оқыту барысында студеттер, өмірде кездесетін түрлі есептерді шешуге компьютерді тиімді, пайдалану, енгізілетін, шығарылатын мәліметтерді формальдау және кез келген есепке алгоритм құра білу мүмкіндігіне ие болулары керек.
Пәнді оқытудағы мақсат студенттерді ақпараттық технологияда кездесетін қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістермен модельдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратпен қаруландыру. Студенттерде ақпараттану саласындағы проблемаларды дұрыс қою және шеше білуге қажетті теориялық фундамент қалыптастыру, логикалық функциялар, алгоритмдер, графтар, кодтау теорияларының негізгі ұғымдарын білу, программалау процесінде жасанды интеллект есептерін шығаруда, программалардың дұрыстығын дәлелдеуде модельдеуді пайдалануға дағдыландыру.
«Автоматтар және тілдер тоериясы» пәні «Ақпараттану» мамандығының студенттері үшін негізгі пән болып табылады. Бұл пән алғашқы екі семестрде оқылады, сондықтан мектеп курсының математика және ақпараттану пәніне сүйенеді. Дискретті математиканың қажетті мәліметтері курстың негізгі мазмұнына қолданылады. “Автоматтар және тідер теориясы” негізгі курсының мазмұнын студенттерге программалаудың алгоритмдік тілдері, жүйелік программалау, жүйелер мен программаны жобалау әдістері, интеллектуальды ақпараттық жүйелер сияқты, ақпараттық технологиялар бойынша жалпы техникалық және арнайы пәндерді меңгеру мен қабылдауға мүмкіндік беретін теориялық негізін құрайды.
Базалық курс болып саналатын «Дискретті математика» пәнінде оқылатын мәселелер студенттерге жалпытехникалық және программалаудың алгоритмдік тілдері,жүйелік программалау,программалар мен жүйелерді жобалау, мәліметтер және білім базалары, интеллекті ақпараттық жүйелер сияқты ақпараттық технологиялар бойынша оқытылатын арнаулы пәндерді қабылдап ұғынуға теориялык негіз қалайды.
Содержание базового курса «Дискретная математика» создает теоретическую основу, позволяющую студентам воспринимать и осваивать общетехнические и специальные дисциплины по информационным технологиям, такие как алгоритмические языки программирования, системное программирование, методы проектирования программ и систем, базы данных и базы знаний, интеллектуальные информационные системы.
“Параллельді есептеулер” курсының мазмұны компоненттер архитектурасымен, қызмет көрсету - бағыттау архитектурасын, аспекті – бағыттау бағдарламасымен, активті программалық қамтаманы әзірлеумен, мультипарадигмалы жобамен және тағы басқалай қазіргі заманғы технологияларды және программалық инженерия идеясын меңгеруге негізделген. Курстың мазмұны программалық қамтамалау мамандарына жоғары сапалы жүйе құрастырудың тиімді әдісі болып табылатын параллельдік есептеулерлерді күрделі кластерлік жүйелер технологиясы арқылы іске асыру білімдерін беру және параллель есептеулер технологиясын меңгерген жоғары білікті программалық қамтамалау инженерлерін даярлау.
“Жасанды зерде жүйелері” пәнін оқыту мақсатына студенттерді Жасанды зерденің /ЖЗ/ (Искусственный Интеллект) теориялық және практикалық негізідерін оқытып үйрету мен ЖЗ әдістері мен үлгілірін қолдана білу дағдысын үйретумен бірге, студенттерді іс жүзіндегі ЖЗ жүйелерін құруға арналған программалық қамтама жасау технологияларына оқыту жатады. “Жасанды зерде жүйелері” пәні есепті шығарудағы негізгі іздеу әдістерін зерттейді, яғни зердені пайдаланып, шешімді табу стратегиясын оқытады. Пән дәрістерінде Жасанды зерде есептерінің негізгі жүйелеу принциптері, кеңістіктегі күйі бойынша және есептерді бөлшектеу күйі бойынша іздейтін әдістер қарастырылады. ЖЗ теориясы мен практикасы дамуының нәтижесі болып табылатын сарапшы жүйелерді жобалаудың ерекшеліктері қарастырылады.