KAZNRTU LMS / АЙТОРЕЕВА ГУЛЬЗИЯ КАЛДЫБАЕВНА
Информация об авторе:
  • E-mail адрес :
  • Ученая степень :
  • Ученое звание :
  • Должность :
  • Количество курсов : 17
  • Популярность курсов : 2681
  • Подробнее...
Курсы:
«Мұнайгаз құбырөткізгіштерінің машиналары мен жабдықтары» пәні мұнай және мұнай өнімдерін құбырөткізгіш арқылы тасымалдау технологиясы мәселелерін, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды қарастырады. Аталмыш пәнге арналған курста құбырөткізгіш пен айдау жүйесі классификациясы, құбырөткізгіш, сораптық және компрессорлық станцияның құрылыс құралымдары, құбырөткізгіштегі негізгі және көмекші құрал-жабдықтар келтірілген, сонымен қатар сораптық және компрессорлық станцияға қажетті сораптар мен компрессорларды есептеу әдістері, жалпы конструкциялары және сораптар мен компрессорларды пайдалану, тегеурінді сораптарды пайдалану әдістері келтірілген. Сораптардың жетектерінің типі, сонымен қатар бақылау және есептеу жүйесінің сыйымдылық жабдықтары мен приборлары қарастырылады. «Мұнайгаз құбырөткізгіштерінің машиналары мен жабдықтары» пәніне арналған курсты оқып-үйрену нәтежиесінде студенттер сораптар мен компрессорлардың жұмыс істеу принципін, технологиялық үлгі-сызбалары және сораптар мен жабдықтардың жалғану үлгісін, резервуардың классификациясы мен көмекші құрал-жабдықтарын жетік меңгереді. Пәнге арналған курста сонымен қатар құбырөткізгіш бойындағы бас және аралық станциялар үшін қажет сораптар мен көмекші жабдықтарды таңдау мен есептеулер оқытылады. Соның нәтежиесінде студент тиімді тәсілді таңдай білуі қажет.
«Мұнайгаз ісінің негіздері» 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы студенттерінің кәсіптік білімін қалайтын арнайы пән. Пәннің мақсаты студентерді мұнай және газ ісінің негіздеріне, негізгі технологиялық үрдістерді ғылыми тұрғыдан түсінуіне және мұнайгаз өндіруші мекемелерде жұмыс істеуге оқып-үйрету болып табылады. Пәннің міндеті студенттерді мұнай және газ геологияының негіздеріне, мұнай және газ ұнғыларын бұрғылауға, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалануға, мұнай мен газды тасымалдауға, сақтауға және өңдеуге, оқытып-үйрету болып табылады. Алған білімдерін танысу практикасынан өтер кезде және келесі курстарда арнайы пәндерді оқып-үйренерде қолданады.
Методические указания для лекционных занятий разработаны старшим преподавателям кафедры МОНГП Айтореевой Г.К. на основании ГОСО послевузовского образования, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 г. №1080 и модульной образовательной программы «Инновационные технологии и оборудование в машиностроении»
«Сораптық және компрессорлық станциялар жабдықтарын монтаждау технологиясы» пәніне арналған курсты оқудың нәтижесінде студенттер магистральды айдау станциялырының технологиялық жабдықтарын құрастыру негіздері, магистральды айдау станциялырының пайдалану жабдықтарының жүйесін ұйымдастырыу, пайдалану режиміне түсетін факторлар, сонымен қатар магистральды айдау станцияларының негізгі технологиялық жабдықтарының пайдалану сенімділігін жоғарлатудың жаңа технологиясы туралы түсінік қалыптастырады.
«Кәсіби қазақ тілі» пәнін 5В072400 – Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша білім алушыларға оқытудың қолданбалы мақсаты – тілді қатынас құралы ретінде практикалық меңгеру. Берілген мақсатты іске асыру үшін қажетті дағдылар – әдебиетті пайдалану ептілігі, сөздікпен жұмыс істеу, сөздер мен ережелерді есте сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдерді меңгеру және оларды жадыдан алу. Оқытудың тәрбиелік мақсаты – оқушының толерантты тұлғасын қалыптастыру, өзара түсіністік, этномәдени құндылықтарға құрмет сезімін дамыту, сондай-ақ студенттің шыдамдылығын тәрбиелеу.
«Сораптық-компрессорлық станциялардың жабдығын жөндеу технологиясы» пәнін оқытудың мақсаты оқушыларға сораптық және компрессорлық станциялардың технологиялық жабдығын жөндеу негіздері, магистралдық айдау станцияларының жабдығын жөндеу жүйесін ұйымдастыру, сондай-ақ сораптық және компрессорлық станциялардың негізгі технологиялық жабдығын ағымды және күрделі жөндеудің қазіргі заманға технологиялары жөніде ұғымдарын қалыптастыру болып табылады.
Мұнай газ ұңғысын бұрғылауға және пайдалануға арналған машиналар мен жабдықтар. 050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы студенттерінің кәсіптік білімін қалайтын арнайы пән. Жер қойнауынан мұнай мен газды өндіруге арналған бұрғылау ұңғыларын қамтамасыз ететін бұрғылау машиналары мен механизмдерін оқыту пәнінің мақсаты мен міндеті болып табылады. Курс инженер-механик даярлауға бағытталған және бұрғылау машиналары мен жабдықтарын пайдаланудың физикалық негіздерін тереңдетіп оқытуға, сонымен бірге әлемдік фирмалармен игерілген, қолданылып жүрген жабдықтар негізінде жаңа бұрғылау жабдықтарын жобалауға көзделген.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050724 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша «Бұрғылау жабдықтарын есептеу және конструкциялау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені нақты курс концепциясын анықтаушы құжат. ОӘҚ типтік бағдарламадан, пәннің оқу бағдарламасынан (syllabus), қысқаша дәріс конспектісінен, әдістемелік материялдардан, студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік материалдардан, бақылау құралдары мен қажетті әдебиеттер тізімінен тұрады. Оқу-әдістемелік кешенінде кестелерге сәйкес студенттерге берілетін тапсырмалардың тізімі және оларды орындау сұлбасы көрсетілген. Білімді бағалау әдісі рейтингтік жүйеге негізделген. Дәрістер мазмұны пән материалдарын жақсы игеру үшін тақырыптық материалдарды түсіндіруші иллюстрацияны құрайды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 5В072400 – Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша «Бұрғылау жабдықтарын есептеу және конструкциялау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені мұнай және газ кәсіпшілігінің басқа да мамандықтарын оқыту үшін қолдануға болады.
Машиналар мен жабдықтарды күрделі жөндеудің тағайындалуымен байланысты сұрақтарын оқып үйрену осы пәннің негізгі мақсаты болып табылады: жөндеу мен пайдалану жағдайлары, негізгі қойылатын талаптар, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, есептеу теориялары, пайдалану мен конструкциялау.“Ұңғыманы күрделі жөндеудің техникасы мен технологиясы” пәнін оқытудың міндеті – студенттер осы пәнді оқу барысында жабдықтарды есептеу және олардың қарапайым түрін конструкциялауды білу керек, сонымен қатар жабдықтарды таңдау мен алған білімдерін ары қарай қолдана алатындарын көрсету керек
Мұнайгаз өндірісіне қалыптастыру бойынша тренинг” - пәні 5В072400 – “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” мамандығы бойынша студентдерге кәсіптік және инженерлік қызмет жөнінде алғашқы түсініктер беру, болашақ мамндығы туралы, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарының жүйесімен, университетімізбен, институтпен және мамандыққа баулитын кафедрамен таныстырудан басталады. Пәннің басты мақсаты студентдерді өзі таңдаған мамандыққа баулу және соған қызықтыру, инженер – механиктің ролін көрсету, студентдерге мұнайгаз өндірісінің қалыптасуы мен өркендеуіне байланысты төмендегідей негізгі білімдерді беру: мұнайгаз кәсіпшілігінің геологиясы; мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясы мен техникасы; мұнай және газды өндіру және пайдалану; мұнай, мұнай өнімдері және газды тасымалдау; мұнай және газды өңдеу.
“Мұнай мен газды құбырлармен тасмалдау технологиясы” - пәні 5В072400 – “Технологиялық машиналар мен жабдықтар” мамандығы бойынша студентдерге көмірсутекті шикізаттар мен өнімдерді құбырлармен тасмалдаудың негзгі технологиясы туралы түсініктерін пішімдеу болып табылады. Пәннің жалпы мақсаты мұнайгаз саласының объектілерінде кәсіптік іскерліктерінде алған білімдері мен ілімдерін қолдана білетін мамандар дайындау болып табылады.
Целью дисциплины является обучение бакалавров инновационным технологиям в бурении и в добычи нефти и газа. Полученные знания способствуют формированию у бакалавра знаний о современных способах бурения на суше и на море, подготовке скважин к эксплуатации, способам эксплуатации скважин, новых технологий добычи нефти.
«Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары» пәніне арналған курсты оқудың нәтижесінде студенттер мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының жаңа құрылымдық және технологиялық ғылыми ерекшеліктерін тереңдетіп оқуға, сонымен бірге әлемдік фирмалармен игерілген, қолданылып жүрген жабдықтар негізінде жаңа мұнайгаз жабдықтарын жобалауға мүмкіндік алады. Механизмдер жұмысын ұзақ мерзімділікпен және беріктікпен қамтамасыз ететін, бөлшектер мен тораптардың өзара күштік әсерін және есептеу әдістерін, жабдықтар жұмысын теория саласында инжинер-механиктердің білімін тереңдетіп зерттеу пәннің мақсаты болып табылады.
Білім алушыларға сораптық және компрессорлық станциялардың машиналары мен жабдықтары, құбырөткізгіштер мен газөткізгіш құрлыстарының құрамы, мұнай және газ қоймалары, МАС пен БМАС-тың құрамындағы негізгі агрегаттар мен жабдықтары бойынша теориялық және практикалық білім беру. Сонымен бірге пәнді оқу барысында МАС-тың жұмыс істеу технологиялық схемалары, энергетикалық машиналар мен жабдықтар, құбырөткізгіштік арматуралар, бақылау және есептеу жүйелерінің аспаптары мен жабдықтары қарастырылады. «Сораптық және компрессорлық станциялардың машиналары мен жабдықтары» пәніне арналған курсты оқудың нәтежиесінде білім алушылар мұнай және газды тасымалдауға қажет жабдықтардың негізгі түрлерімен, құрылысымен танысады, оларды таңдауды үйренеді. Пәнді оқу кезінде студент сонымен қатар МАС және ГАС жұмысының технологиялық жабдықтары мен сұлбалары, мұнай мен газды сақтауға арналған жабдықтар, бақылау және есептеу жүйелерінің құрал-жабдықтары бойынша білім алады.
Оқу құралында бұрғылау жабдықтарының кең спектрін есептеу мен құрылымдау үшін теориялық, анықтамалық және әдістемелік мәліметтер келтірілген. Мұнда әрбір бөлім жабдықтардың құрылымы, олардың жұмыс істеу принципі, бөлшектерге әсер етуші жүктемелер туралы деректер беретін, теориялық бөлім мен оларды есептеу әдістемелерінен тұрады. Мәтіндерді толықтыру үшін, анықталған шешімдерімен тәжірибелік есептеулер келтірілген. Оқу құралы 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша оқитын, жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған. Сонымен қатар бұрғылау жабдықтарын жобалау және пайдаланумен айналысатын инженер-техникалық мамандардың да қолдануына болады.
«Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарын жобалау» пәні, 5B072400 – Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы студенттерінің кәсіптік білімін қалайтын арнайы пән. Жер қойнауынан мұнай мен газды өндіруге арналған кәсіптік жабдықтарды, бұрғылау ұңғыларын қамтамасыз ететін бұрғылау машиналары мен механизмдерін пайдалануға дайындау, сонымен қатар жаңа ғылым мен техникалық жетістіктердің негізінде жаңа жабдықтарды жобалау және игеруді оқыту пәнінің міндеті болып табылады.
Студентдерге нақты мұнайгаз кешенін оқып үйрену үшін технологиялық комплексті жобалауда керекті стандарттық құжаттарды жасаудың жетістіктерін үйрету. Мұнайгаз өндірісінің бүгінгі және келешектегі алдында тұрған мәселелерімен таныстыру. Пәнді оқыту студентдерге жоғары оқу орындарындағы оқу процесстерімен және қазіргі технологиялық өте тез даму қарқынындағы жоғары білімді мамандарды дайындауды жақсарту шарттарымен таныстыруға негізделген.