KAZNRTU LMS - Автор: Рысбай Жанар Иманғазықызы
KAZNRTU LMS / РЫСБАЙ ЖАНАР ИМАНҒАЗЫҚЫЗЫ
Информация об авторе:
  • E-mail адрес :
  • Ученая степень :
  • Ученое звание :
  • Должность : лаборант
  • Количество курсов : 1
  • Популярность курсов : 564
  • Подробнее...
Курсы:
Курстың сипаттамасы: «Іскерлік қазақ тілі» курсы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың орыс тілді аудиторияларында барлық мамандықтар бойынша бакалавриаттың В2-базалық стандартты (ІІІ ҰС) деңгей бойынша оқитын студенттеріне арналған. Курстың мақсаты: сөйлеу әрекеттері модельдері арқылы студенттердің іскери қатынастық және мәдениетаралық құзіреттілігін қалыптастыру, іскери терминологияны меңгеріп, іс қағаздары мен іскери құжаттарды сауатты құрастырып жазуға үйрету. Курстың міндеттері: Студенттерді төмендегідей құзыреттіліктерге: • студенттердiң іскери қатынасқа қажетті аялық білімдерін кеңейте келе, мемлекеттік тілде іскери қарым-қатынас жасауға; • өзi жайлы, кәсібі немесе фирмасы, алға қойған жоспарлары туралы, әлеуметтік- тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери аялар бағытында ойын дұрыс жеткізуге; • іскери қарым-қатынаста айтылған мәселеге қызығушылығын танытуға, өз пікірін нақты дәлелдермен түсіндіруге; • іскери құжаттар мен жарнама, хабарландыруларды, іскери ақпараттарды түсініп оқу, қажеттiсiн iрiктеп ала бiлуге; • тақырып бойынша мәтiндердi оқып түсiну, қажетті мәліметті іздей білуге, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсiнуге және алынған ақпаратты сыни ой елегінен өткізуге; • ғаламтор материалдарымен еркін жұмыс жасау, қазақша ақпараттармен жұмыс iстей бiлуге, мәтінге талдау, сараптама жүргізіп, сыни пікір айтуға; • жағдаяттар бойынша жұптық, топтық шығармашылық, жоба жұмыстарына белсенді қатысу барысында мемлекеттік тілде өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге; • өзін қызықтыратын тақырып бойынша мәтін құрастыра білу, өтілген тақырыптар негізінде баяндама, пайымдама, сипаттама жаза білуге, іскери-ресми құжаттар мен іс қағаздарының стильдік ерекшелігін сақтай отырып, сауатты жазуға машықтандыру.