KAZNRTU LMS / НАБИЕВА ГУЛНАЗ СОЦИАЛОВНА
Информация об авторе:
  • E-mail адрес :
  • Ученая степень : Кандидат технических наук
  • Ученое звание :
  • Должность : Кандидат технических наук, Начальник
  • Количество курсов : 2
  • Популярность курсов : 306
  • Подробнее...
Курсы:
«Linux операциялық жүйесі». «Операциялық жүйе» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінде операциялық жүйелердің құрылымдалуының жалпы сұрақтары қарастырылады және Linux операциялық жүйесіне ғана тән ерекшеліктер қаралады. Қазіргі кезде Linux операциялық жүйесі ең танымал операциялық жүйелердің бірі. Оны оқудың маңыздылығы толық ашықтық болып табылады. Студенттер теориялық білімдерімен қатар, еxt (2-4) файлдық жүйені толық меңгереді, процесстермен басқаруға қатысты сұрақтармен және жүйелік сұратулармен танысады, жүйелік енгізу, шығару үзілісті ұйымдастыру және т.б. оқып-біледі. Студенттер жүйедегі жұмыстың негізгі практикалық дағдыларын алады. Ең алдымен, командалық жолда жұмыс жасай алу, ұйымдастыру жұмысы кезінде қажетті скриптерді құрастыруды білу, диск кеңістігімен жұмыс жасай білуі қажет. 30 сағатқа есептелінген дәріс мәліметтерін барынша жақсы меңгеру үшін, студенттерге операциялық жүйенің негізгі командаларын, қатқыл дисктің логикалық құрылымын білуді, командалық файлдың негізгі командаларын, сонымен қатар, процесстермен басқарудың командаларын оқып-білу және т.б танысып білу үшін 7 зертханалық жұмыс жасау ұсынылады. Қорытындыда студенттерге операциялық жүйе-виртуализация, масштабтаудың жаңа бағыттарымен, сонымен қатар ақпараттың қауіпсіздігі сұрақтарын шешімімен танысу ұсынылады.
Надежность систем