KAZNRTU LMS - Автор: Тукибай Асылзат Ахметкызы
KAZNRTU LMS / ТУКИБАЙ АСЫЛЗАТ АХМЕТКЫЗЫ
Информация об авторе:
  • E-mail адрес :
  • Ученая степень : Доктор PhD
  • Ученое звание :
  • Должность : Доктор PhD
  • Количество курсов : 4
  • Популярность курсов : 789
  • Подробнее...
Курсы:
«Еңбек қорғау» курсы бойынша ДС ОӘК оқу процесін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етудің негізі болып табылады. «Еңбек қорғау» курсы бойынша ДС ОӘК Қазақстан Республикасының МЕСТ мазмұнына, 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша біліктілік сипаттамасына, типтік және жұмыс жоспарына сәйкес әзірленді, осы пәннің негізгі мазмұнын көрсетеді, студенттердің пәнді меңгеруін жеңілдетеді, проблемалық мәселелерді дербес ойлауға, таңдауға және шешуге үйретеді.
«Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан кәсіпорын қызметкерлерін қорғаудың қазіргі заман құралдары туралы,сонымен қатар бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда зақымдаушы факторлардан халықты қорғау құралдары туралы мәліметтер жүйелендрілген. ОӘК өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде қызметкерлерді қорғауға арналған қазіргі заманғы дербес және ұжымдық қорғау құралдары туралы анықтамалық-ақпараттық деректер ұсынылған.Екінші жағынан техногенді апаттармен және қираулармен шарттастырылуы мүмкін төтенше жағдайлардағы және жаппай қырып-жою қаруы қолданылуы мүмкін әскери жанжалдардағы қазіргі заманғы жеке және ұжымдық қорғау құралдары туралы деректер ұсынылған. Әртүрлі зақымдаушы факторлардан-– механикалық, акустикалық, жылулық, химиялық, электромагниттік, радиациялық және де басқалардан біріктірілген зақымдар алу мүмкіндігіне байланысты –кешенді қорғау құралдары туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен бірге,қолданылатын әдебиеттер жиынтығы,зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау, электронды оқулық, нормативтік құжаттар, оқу құралы мен студенттерге пәнді меңгеруге арналған басқа да материалдар берілген.
Бейбіт уақыттағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мен пайда болуын ескерту мәселелері, ол мемлекеттің саясат аймағындағы бірден –бір бөлігі бойып табылады. Оқу - әдістмелік кешенде, жер сілкінісі салдарын жою бойынша құтқару жұмыстарын жүргізу технологиясы мен мәселелері ұсынылған: зардап шегушілерді іздестіру және қайта блоктау, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және блоктау орнынан оларды оқшаулау; құтқару жұмыстарын ұйымдастыру; қираған ғимарат аймағындағы арнайы жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары; оларды жоюға арналған Азаматтық қорғаныс құралдары мен күштерін пайдалану тәртібі. «Авариялық –қорғау ісі» пәнінің ОӘК төтенше жағдайдың салдарын жою кезіндегі тиімді шешімдерді қабылдау мен құтқару құрамаларының әрекеттерін студенттерге үйретуге арналған.
Оқу-әдістемелік кешенде акустиканың принциптері мен жалпы элементтерін, ашық кеңістік пен ғимараттарда акустикалық толқындардың таралу түрлері мен шарттары келтірілген. Студенттерге пәнді оқып-үйренуге, өндірісті ұйымдастыру мен таңдау жасауда бағдар беруге, тереңірек түсінуге көмектеседі. Өндірісте әр түрлі механизмдер, аэродинамикалық, гидродинамикалық көздерден пайда болатын шулармен күресудің озық тәжірибелері келтірілген, әр түрлі нұсқадағы ғимараттарда шудың пайда болып, таралуы кезінде онымен күресудің әдістері сипатталған, еркін атмосферада, қала аумағында шуды өлшеу мен бағалау әдістемелері берілген.