KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 22.8.2016
  • Дата окончания курса: 1.7.2016
Курс сипаттамасы: теміржол және автомобиль көлігіндегі барлық кешенді тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының негізгі жұмыс түрлеріне сәйкес механизация құралдары және өндірістің жаңартылған тәсілдері, алдыңғы технологиялық үрдістер ұсынылады. Пәннің мақсаты: теміржол көлігінде тиеп-түсіру және қойма жұмыстарын ғылыми ұйымдастыруды, көліктік-қойма кешенінде әр түрлі жүктерді қазіргі заманғы және дамытылған технологиялармен өңдеу әдістерін үйрету. Пәннің мәселелері: - теміржол және автомобиль көлігіндегі жүк операцияларын орындау үшін тиеу-түсіру машиналары; - теміржол және автомобиль көлігіндегі барлық кешенді тиеу-түсіру жұмыстары және қойма операцияларының негізгі жұмыс түрлері; - көліктік-қойма кешенінде әр түрлі жүктерді қазіргі заманғы және дамытылған технологиялары. Пәнді оқып білу нәтижесінде студент міндетті: Білуге: көліктегі тиеп-түсіру жұмыстарының кешенді механизациясы мен автоматизациясының негізін; әр түрлі жүктердің тиеп-түсіру және қойма жұмыстар операцияларының механизациясы мен автоматизациясының технологиясын, тәсілдерін білу; істей білуге: - жүктік операцияларда вагондардың тұру уақытын азайтуды, кірме жолдарда және стансада тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды; теміржол стансасында қойманың негізгі параметрлерін анықтауды және техникалық жабдықтардың типін таңдауды; тиеу-түсіру жұмыстарының кешенді механизациясының әр түрлі нұсқауын қолдану тиімділігін бағалауды; ; түсінігі болуы: - жүкті қойма ішінде өңдеуде және қайта тиеу процесін моделдеуді пайдаланып шығарылатын есеп класстерінде, КҚЖ жұмыс технологиясында ЭЕМ және модельдеуді практикалық қолдануды.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: