KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 22.8.2016
  • Дата окончания курса: 1.7.2016
Курс сипаттамасы: тасымалдауды ұйымдастырудың прогресивтік технологиялық үрдісі және тасымалдау үрдiсiндегi негiзгi жұмыс түрлерiне қажеттi механизациялық құрылғыларды, тасымалдауларды жоспарлау туралы түсiнiктерді, көлiктi пайдалану жұмыстарын баяндау. Пәннің мақсаты: көлiк түрлерiндегi жұмыс көлемiн ескеріп, техникалық жабдықтарды тиiмдi қолдану және нақты пайдалану, техникалық құралдарды дамыту сұрақтарын шешу, көлiк объектiлерiнiң жұмысы мен көлiк бiрлiктерiнiң қозғалысын тиiмдi ұйымдастыру. Пәннің мәселелері: - логистика принциптерi негiзiнде жүк ағындарын басқарудың тиiмдi жүйесiмен қамтамасыз етуге және көлiк операцияларын зерттеуге, тасымалдау үрдiсiнiң сұрақтарын шешу; - тасымалдау сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында көлiк желiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн дамыту тиiмдiлiгiн мәселелерiн игеру; - жолаушыларды тасымалдау кезiнде жолаушылардың талаптарын толық және сапалы қанағаттандыру мәселелерiн жүйелi шешу; - техникалық жабдықтарды тиiмдi пайдалануға байланысты есептеулер жүргiзу. Пәнді оқып білу нәтижесінде студент міндетті: - жетiлдiрiлген техника мен технологияларды пайдалану негiзiнде көлiктi пайдалану жұмысын басқарудың жалпы принциптерiн; басқарудың автоматтандырылған жүйесiн қолдана отырып, бөлек көлiк объектiлерiнiң жұмысын; өндiрiс үрдiсiн тиiмдендiрудiң, яғни оның құрамындағы барлық кешеннiң жоспарларды орындау экономикалық тиiмдiлiгi тұрғысында теориялық негiздерiн; жоспарлаған тасымалдауларды құру кезiнде жүк ағынның үздiксiз логистикалық байланысын ұйымдастыру жүйесiн тиiмдiру мәселесiн; әр түрлi техникалық жабдықтану мен жұмыс шарттарына байланысты көлiк желiлерi мен объектiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн анықтау теориялық негiздерiн; көлiк желiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн пайдалану және дамытуды; көлiк жабдықтарының қозғалысын басқару жүйесiнiң негiздерiн; сапа менеджментi мен көлiк маркетингiн; көлiк бiрлiктерiн қолданудың пайдалану көрсеткiштерiн бiлуi керек; - оқытылатын пәннiң териялық негiздерiн өндiрiсте қолдана бiлуге; жетiк жұмыс тәсiлдерiн қолдана отырып, көлiк объектiлерiнiң жұмысының жетiк технологиясын қолдана бiлуге; шұғыл жағдайларда көлiк объектiлерiнiң жұмысы талдау арқылы, тасымалдау үрдiсiнде көлiк құралдарын тиiмдi қолданаға байланысты тасымалдау үрдiсiнде қажеттi шешiмдердi қабылдауға және қолдана алуға; көлiктiң тиiмдi жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шаралардың техникалық-экономикалық есептерiн қолдана бiлуге тиiс; - темiр жол көлiгiнде тасымалдау үрдiсiн ұйымдастыруды жетiлдiруде, тасымалдау бойынша әртүрлi көлiк түрлерiн салыстырып, таңдай бiлудегi бакалаврдың ролiн толық игеруi тиiс.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: