KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 5.1.2016
  • Дата окончания курса: 20.8.2016
Пәннiң оқытылу мақсаты - көлiк түрлерiндегi жұмыс көлемiн ескере отырып, техникалық жабдықтарды тиiмдi қолдану саласында бiлiм алуға, нақты пайдалану жағдайларындағы, сонымен қатар жуық және болашақ уақытта техникалық құралдарды дамыту сұрақтарын шеше бiлуге, қазiргi уақыттағы маркетинг пен менеджмент негiзiнде көлiк объектiлерiнiң жұмысы мен көлiк бiрлiктерiнiң қозғалысын тиiдi ұйымдастыруды игеруге; логистика принциптерi негiзiнде жүк ағындарын басқарудың тиiмдi жүйесiмен қамтамасыз етуге және көлiк операцияларын зерттеуге, тасымалдау үрдiсiнiң сұрақтарын шешуге; тасымалдау сұранысын толық қанағаттандыру мақсатында көлiк желiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн дамыту тиiмдiлiгiн мәселелерiн игерудi; жолаушыларды тасымалдау кезiнде жолаушылардың талаптарын толық және сапалы қанағаттандыру мәселелерiн жүйелi шешуге; техникалық жабдықтарды тиiмдi пайдалануға байланысты есептеулер жүргiзуге; көлiк объектiлерiнiң жұмысын жақсарту мақсатында көлiктерде жүргiзiлетiн жұмыстарды талдау, олардан туындайтын қорытындылар мен ұсыныстарды жүргiзудi игерудi көздейдi. Оқытылып отырған пән тасымалдау үрдiсiн басқару бакалаврларын дайындау жүйесiнде бiлiмдi игерудiң негiзi болып саналмақ, ал басқа пәндер оның қосымшасы немесе жанама пәндер боып саналмақ. Пәндi оқи отырып, студент: - жетiлдiрiлген техника мен технологияларды пайдалану негiзiнде көлiктi пайдалану жұмысын басқарудың жалпы принциптерiн; басқарудың автоматтандырылған жүйесiн қолдана отырып, бөлек көлiк объектiлерiнiң жұмысын; өндiрiс үрдiсiн тиiмдендiрудiң, яғни оның құрамындағы барлық кешеннiң жоспарларды орындау экономикалық тиiмдiлiгi тұрғысында теориялық негiздерiн; жоспарлаған тасымалдауларды құру кезiнде жүк ағынның үздiксiз логистикалық байланысын ұйымдастыру жүйесiн тиiмдiру мәселесiн; әр түрлi техникалық жабдықтану мен жұмыс шарттарына байланысты көлiк желiлерi мен объектiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн анықтау теориялық негiздерiн; көлiк желiлерiнiң тасымалдау және өткiзгiштiк қабiлеттерiн пайдалану және дамытуды; көлiк жабдықтарының қозғалысын басқару жүйесiнiң негiздерiн; сапа менеджментi мен көлiк маркетингiн; көлiк бiрлiктерiн қолданудың пайдалану көрсеткiштерiн бiлуi керек; - оқытылатын пәннiң териялық негiздерiн өндiрiсте қолдана бiлуге; жетiк жұмыс тәсiлдерiн қолдана отырып, көлiк объектiлерiнiң жұмысының жетiк технологиясын қолдана бiлуге; шұғыл жағдайларда көлiк объектiлерiнiң жұмысы талдау арқылы, тасымалдау үрдiсiнде көлiк құралдарын тиiмдi қолданаға байланысты тасымалдау үрдiсiнде қажеттi шешiмдердi қабылдауға және қолдана алуға; көлiктiң тиiмдi жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шаралардың техникалық-экономикалық есептерiн қолдана бiлуге тиiс; - темiр жол көлiгiнде тасымалдау үрдiсiн ұйымдастыруды жетiлдiруде, тасымалдау бойынша әртүрлi көлiк түрлерiн салыстырып, таңдай бiлудегi бакалаврдың ролiн толық игеруi тиiс.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: