KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: алгоритм принциптерін және оның математикалық талдауын, мәліметтер типтерін, программалауды автоматтандыру әдістерін оқып-үйрену, Паскаль тілінің операторларымен танысу, Паскаль тілін қолданып күрделі программалық жобаларды құруға дағдыландыру, яғни процедура және функцияны, тілдің стандартты модулін, мәліметтердің стандартты құрылымын, программалық қамтаманы жобалау әдісітерін меңгеру, программалау стилін және программалау сапасының көрсеткіш негіздерін үйрету. Пәнді үйренудегі міндеттер: Паскаль тілінің негізгі түсініктемелерін (мәліметтер типтері, айнымалылары, операторлары, өрнектері), тілдің басқару операторларын, ішкі программаларын, динамикалық құрылымдарын, программалау технологиясының негізін, программаны тестілеу және түзету әдістерін меңгеруді оқып-үйрену осы пәннің негізгі міндеті болып табылады. Пәнді меңгеру барысында студенттер теориялық базасын нығайтып және Турбо Паскаль тілін қолданып, күрделі программалық жобаларды құруды дағдылануы, сондай-ақ, басқа да пәндерді оқып-үйрену барысында практикалық және ғылыми есептерді шығаруды үйренулері қажет.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: