KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 24.8.2015
  • Дата окончания курса: 1.7.2016
Пәннің оқытылу мақсаты жүктердің физика-химиялық қасиеттерін және көлемдік-массалық сипаттамасын, жүктердегі биохимиялық үрдістер және оның тасымалдаудың шарттары мен ұйымдастыруға әсері, әртүрлі жүктерді қазіргі заманғы және ілгерлемелі технологиялармен өңдеу әдістерін білетін кәсіби мамандарды дайындау. 1.1 Пәнді оқытылу мәселелері - жүктердің физика-химиялық, биологиялық қасиеттерін және көлемдік-массалық сипаттамасын; - жүктердегі биохимиялық үрдістер және оның тасымалдаудың шарттары мен ұйымдастыруға әсері; - автомобиль көлігінде тиеп-түсіру, көлік және қойма жұмыстарын ғылыми ұйымдастыру. 1.2 Пәнді оқып білу нәтижесінде студент міндетті: Білуге: - жүктердің классификациясын, жүктерге тасымалдауда және сақтауда әсер ететін факторларды, жүктердің көліктік сипаттамаларын және ерекше қасиеттерін, таралардың (ыдыстардың) мен қаптамалардың классификациясын, жүктердің көліктік сипаттамаларының тасымалдауларды ұйымдастыруға әсері, салмақ өлшейтін аспаптар; істей білуге: - алған теориялық білімдерін өндірістік жағдайларда пайдалануды, ұйымдастырудың және жүктерді тасымалдаудың ілгерлемелі түрлерін енгізуді, мамандандырылған ғылыми-техникалық әдебиеттерді және нормативті-анықтама ақпараттарын қолдануды; түсінігі болуы: - жүктердің сапасын бағалауды, ыдыстардың қажеттілігін жоспарлаудың ерекшеліктерін, өнімдерді жеткізудің және қабылдаудың негізгі жағдайларынан.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: