KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
Бұл шын мәнінде бір пән емес, екі пәннің жиынтығы. Атап айтқанда олар: сызба геометрия және инженерлік графика (техникалық сызу). Сызба геометрияның жоғарғы оқу орындарына арналған курсы бес бөлімнен, атап айтқанда аксонометриядан, Монж әпюрінен (кешенді сызбадан), сызықтық перспективадан, сандық әпюрінен (кешенді сызбадан), сызықтық перспективадан, сандық белгілері бар проекциялардан және көлеңкелер теориясынан тұратыны белгілі. Машинажасау мамандықтары үшін сызба геометрияның аталған бес бөлімінің тек екі бөлімі (аксонометрия мен кешенді сызба) маңызды деп есептеледі. Инженерлік графика (техникалық сызу) конструкторлық құжаттарды орындаудың жалпы ережелерінен басталады. Стандарт туралы алғашқы мәлімет беріліп, оның маңыздылығына тоқталу керек. Халықаралық, мемлекеттік және мекемелік стандарттардың мысалдары келтіріліп, оларға талдау жасалады. Сызбадағы кескіндер тік бүрыштап проекциялаудың нәтижиесінде алынатыны барлық мемлекеттерге ортақ ереже. Олай болса, сызбаға түсіну үшін орыс, ағылшын, немесе қытай тілін білудің қажеті жоқ. Сондықтан сызбаны «Техниканың халықаралық тілі» деп орынды айтады. Сызба геометрия
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: