KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
компьютерлік графика конструкторлық құжаттарды орындаудың жалпы ережелерінен басталады. Стандарт туралы алғашқы мәлімет беріліп, оның маңыздылығына тоқталу керек. Халықаралық, мемлекеттік және мекемелік стандарттардың мысалдары келтіріліп, оларға талдау жасалады. Сызбадағы кескіндер тік бүрыштап проекциялаудың нәтижиесінде алынатыны барлық мемлекеттерге ортақ ереже. Олай болса, сызбаға түсіну үшін орыс, ағылшын, немесе қытай тілін білудің қажеті жоқ. Сондықтан сызбаны «Техниканың халықаралық тілі» деп орынды айтады. Сызу пәнінің орта мектеп бағдарламасына сәйкес тақырыптарын студенттердің қаншалықты білетіндерін тексеріп, оларды қайталауға тура келеді. Берілген негізгі екі көріністі пайдаланып үшінші негізгі көріністі салуды проекциялар жазықтықтарын алмастыру тәсілінің жеке түрі деп қарастыру тиімді. Тілік немесе қималарды сызбада салуда студенттердің сызба геометриядан алған білімдерін пайдалана білулері керек. Бүрандалы тетікбөлшектердің, серппенің, тісті доңғалақтың және т.б. техникада жиі кездесетін бүйымдардың сызбаларын салудағы ерекшеліктері, ықшамдаулар және басқа шарттылықтар қарастырылады. Біріктірілген бұйымдардың сызбаларын дүрыс сала білу, құрасбүйым сызбаларын оқи және тетікбөлшектей білуді меңгеру студенттердің алдында түрған негізгі мақсат және міндет болып есептеледі.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: