KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Для всех групп
  • Дата начала курса: 5.1.2015
  • Дата окончания курса: 20.8.2015
Пререквизиттер: математика; физика; информатика; теоретикалық механика; механизмдер мен машиналар теориясы; материалдар кедергісі; өзара ауыстырымдылық, стандартизациялау және техникалық өлшеу және компьютерлік графика. Пәннің мақсаты: пәнді оқудың мақсаты студентке жалпы машинажасау машина бөлшектері теориясы, есептеу және конструкциялау негіздерін беру. Қысқаша мазмұны: Пәнінің негізгі есептері жобалаудың және конструкциялаудың жалпы принциптерін оқып білу, машинажасаудың типтік бөлшектерінің негізгі жұмысқақабілеттілігін есепке алып моделін және есептеу алгортмдерін құру және конструкциялау дағдыларын дамыту. Пәнді оқып білу нәтижесінде студенттер мынадай білім компетенцияларын алады: машина бөлшектерінің негізгі жұмысқақабілеттілігі критерияларын және олардың бұзылу түрлерін, типтік машина бөлшектері мен тораптарының негізгі теориялары және есептеулерін, машина бөлшектері мен тораптарының типтік құрылымдарын, машина бөлшектері мен тораптарының автоматандырылған есептеулері және құрылымдау негіздерін біледі; машинажасаудың типтік бөлшектерін жобалау процессінде есептеу моделін таңдауды және қажетті есептеулерді жүргізуді, есептеуде және жобалауда ЭЕМ типтік бағдарламалын қолдануды үйренеді; машиналар беріліс механизмдерінің, қосылыстарының, ұстап тұратын және алып жүруші элементерінің типтік бөлшектерін есептеуде және жобалуда, сонымен қатар машинаның типтік бөлшектері мен тораптарын компьютерлік жобалауда және жұмыс сызбаларын жасауда дағдысы болады. Күтілетін нәтижелер: студентер пәнді оқып білуде көліктік, технологиялық машиналар және жабдықтарды жобалауда, пайдалануда, жөндеуде машинажасаудың типтік бөлшектерінің моделін және есептеудің алгоритмтерін ЭЕМ пайдаланып жасау. Постреквизиттер: Студенттер пәнді оқып білуден кейін алған білімі және үйренуі базалық және профильдік пәндерді меңгеруде пайдаланылады.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: