KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Для всех групп
  • Дата начала курса: 1.9.2014
  • Дата окончания курса: 31.7.2015
Пәннің оқытылу мақсаты. Пәнді оқытудың мақсаты тасымалдау процессін басқару аймағындағы болашақ маман жүк және коммерциялық операцияларды орындау жұмыстарын ұйымдастыра білуден, халықшаруашылық жүктерін тасымалдаудың технологиясын, жұмысты ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін, математикалық әдістерді және ЭЕМ қолдана білуді; жүктердің сақталуын және жеткізу мерзімінің орындалуын қамтамасыз етуді және с.с. жеткілікті білім алудан тұрады Пәнді оқыған студенттің міндеті: Білуге: Отанымыздың темір жолдарында жүк және коммерциялық жұмыстардың даму тарихын, басқа көлік түрлерінде пайдаланылатын көлік құрылғыларының жүктік сипаттамаларын; басқа көлік түрлерінде жүктерді қабылдау және тапсыру технологиясын, тасымалдауы жедел жоспарлау тәртібін; жүк және коммерциялық жұмыс процессінің моделін және жеке алғанда ашық жылжымалы құрамда жүктерді тасымалдағанда шығынына байланысты, жүктерді ашық жылжымалы құрамда тасымалдау жүргізуді; вагондарды беру және жинау кезіндегі жүк және маневр операциялары жайлы білу. Істей білуі керек: Осы пәннің толық курсын оқып бітіргенен кейін алған білімін осы пән аймағында қолдана білу, ары қарай оқу барысында және болашақ жұмысында қолдана білуі қажет; жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау ақысын анықтай білуі, көліктік сипатын дұрыс таңдау мен анықтау жүкті тасымалдауға қажет болатын жылжымалы құрам түрін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жеткізу мерзімінен кешіккен кезде төленетін төлем ақыны анықтай білуі қажет. Түсінуге: темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстардың тасымалдау технологиясын және ұйымдастыру бойынша бакалаврдың ролі.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: