KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 1.1.2013
  • Дата окончания курса: 1.7.2014
Пәннің оқытылу мақсаты теміржол көлігінде тиеп-түсіру, көлік және қойма жұмыстарын ғылыми ұйымдастыруда, көліктік-қойма кешенінде әр түрлі жүктерді қазіргі заманғы және дамытылған технологиялармен өңдеу әдістерін білетін кәсіби мамандарды дайындау. Пәнді оқыған студент міндетті: Білуге: көліктегі тиеп-түсіру жұмыстарының кешенді механизациясымен автоматизациясының негізін; әр түрлі жүктердің тиеп-түсіру жұмыстары және қоймалық операцияларының механизациясымен автоматизациясының технологиясын, тәсілдерін білу; теміржол көлігіндегі қоймалық жүйелердің жұмысының құрылымы мен технологиясын; көлік- қойма жүйелері және тиеп-түсіру машиналарын автоматты басқарудың технологиялық негіздерін; көлік торабындағы механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалардың экономикалық тиімділігін бағалау және жобалау тәсілдерін. Істей білуі керек: жүктік операцияларда вагондардың тұру уақытын азайтуды, кірме жолдарда және стансада тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды; теміржол стансасында кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған қоймалық негізгі параметрлерін анықтауды және техникалық жабдықтарды, типін таңдауды; тиеп-түсіру жұмыстарының кешенді механизациясының әр түрлі нұсқауын қолдану тиімділігін бағалауды; кірме жолдарда тиеп-түсіру фронттарының жұмысын сараптауға және станса жұмысының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында олардың функцияларын жетілдіру шараларын жасау. Түсінуге: КҚЖ арқылы теміржол көлігінің басқа көлік түрлерімен ара қатынасын жетілдіруге, магистральді және өндірістік көлік қоймалар жүйесінің дамуына бағытталған шараларда көліктегі тасымалды ұйымдастыру бойынша бакалаврдың рөлін; КҚЖ халық шаруашылығы инфрақұрылымының бөлінбейтін құрама бөлігі ретінде олардың және тиімдендіру негіздеріне жүйелі түрде қарауға; жүкті қойма ішінде өңдеуде және қайта тиеу процесін моделдеуді пайдаланып шығарылатын есеп класстерінде, КҚЖ жұмыс технологиясында ЭЕМ және модельдеуді практикалық қолдануды.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: