KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Для всех групп
  • Дата начала курса: 1.1.2014
  • Дата окончания курса: 1.7.2014
Пәннің мақсаты: «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» пәнін оқудың мақсаты студентке жалпы машинажасау бөлшектерін материалдар механикасы, сенімділік, триботехника, жобалаудың автоматтандырылған жән оптимальданған негізінде теориялық негіздерін, есептеуін және конструкциялауын беру. Қысқаша мазмұны: «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» пәнінің негізгі есептері жобалаудың және конструкциялаудың жалпы принциптерін оқып білу, машинажасаудың типтік бөлшектерінің негізгі жұмысқа қабілеттілігін есепке алып моделін және есептеу алгортмдерін құру және конструкциялау дағдыларын және техникалық творчествосын дамыту. Пәнді оқып білу нәтижесінде студент түсінігі болуы: - жалпы машинажасау қолданысындағы типтік бөлшектері және тораптарының конструкциясы туралы; - машиналар бөлшектері және тораптарының типтік есептеуі және жобалауы туралы; білуі: - машина бөлшектерінің негізгі жұмысқа қабілеттілігі критерияларын және олардың бұзылу түрлерін; - типтік машина бөлшектері мен тораптарының негізгі теориялары және есептеулерін; - машина бөлшектері мен тораптарының типтік құрылымдарын, олардың қасиеттерін және қолдану саласын; - машина бөлшектері мен тораптарының автоматандырылған есептеулері және құрылымдау негіздерін, машиналық графика элементерін және жобалауды оптимизациялауды; үйренуі: - машинажасаудың типтік бөлшектерін есептеу моделін таңдауды және жобалау процессінде қажетті есептеулерді жүргізуді және жұмысқақабілеттілігін бағалауды; - машина бөлшектері үшін материалдардың ең қолайлысын таңдауды; - есептеуде және жобалауда ЭЕМ типтік бағдарламалын қолдануды; дағдысы: - машиналар беріліс механизмдерінің, қосылыстарының, ұстап тұратын және алып жүруші элементерінің типтік бөлшектерін есептеуде және жобалуда; - машинаның типтік бөлшектері мен тораптарын компьютерлік жобалауда және жұмыс сызбаларын жасауда болуы қажет. Пререквизиттер Пәнді оқып білу үшін мына пәндерден білімі және ептілігі болуы қажет - математика; - физика; - информатика; - теоретикалық механика; - механизмдер мен машиналар теориясы; - материалдар кедергісі; - материалдартану және металдар технологиясы; - техникалық сызу; - өзара ауыстырымдылық, стандартизациялау және техникалық өлшеу. Постреквизиттер Студенттер пәнді оқып білуден кейін алған білімі және үйренуі базалық және профильдік пәндерді меңгеруде пайдаланылады Күтілетін нәтижелер: Студентерге пәнді оқып білу тәжірибелік қызметінде көліктік, технологиялық машиналар және жабдықтарды жобалауда, пайдалануда, жөндеуде - машинажасаудың типтік бөлшектерінің жұмысқа қабілеттіліктің негізгі критерияларын есепке алып моделін және есептеудің алгоритмтерін жасауға; - машиналар бөлшектері және тораптарын ғылымның ілгерілеуін есепке алып жобалауға және конструкциялауға; - машиналардың типтік бөлшектері және тораптарын есептеуде және жобалауда ЭЕМ пайдалануға мүмкіндік береді
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: