KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
КІРІСПЕ Бұл оқу құралы 5В050600 «Экономика», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандықтары бойынша ағылшын тілін оқып жүрген тілдік емес жоғарғы оқу орындарының қазақ бөліміндегі 2 және 3 курс студенттеріне арналған. Оқулықтың мамандықтар бойынша берілген әртүрлі және кең көлемді материалдары магистранттардың, ғылыми дәрежеге ізденушілерінің оқу топтарындағы практикалық сабақтарында қолдануға болады, банк қызметкерлері, бухгалтерлер және экономика саласы бойынша өз бетімен ағылшын тілін үйренушілерге өте тиімді. Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға, банк ісі және қаржы саласында білікті мамандар дайындауға байланысты, негізгі реформа жүйесіндегі ағылшын тілінің рөлі артуда, cондай-ақ бұл тенденция банк ісі және қаржы саласында көрініс береді. Оқу құралының мақсаты – үйренушілердің терминологияны меңгерулеріне көмектесу, ғылыми мамандандырылған қаржы және экономикалық әдебиеттерді оқуға, ауыз екі тілде сөйлеуге дайындау. Оқулық 14 бөлімнен тұрады, ұйымдастыру және қаржы банк ісі жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі мәселелерін қамтиды. Оқулықтың бірінші 4 бөлімі қаржы проблемаларына арналған. Келесі 4 бөлім бухгалтерлік есеп және аудит тақырыбын қамтиды. Соңғы 6 бөлімде банк ісі жұмысының мәселелері қарастырылады. Барлық мәтіндер иллюстрациаланған, керекті түсіндірме сөздіктермен және қаржы, банк тақырыбы бойынша лексикаларды бекітуге арналған әртүрлі жаттығулармен қамтылған. Оқулықта берілген тақырыптар мен оқу материалдары студенттердің кәсіби кең көлемдегі сөздік қорының толығуына,ауыз екі тілдегі сөйлеу, мамандық бойынша әдебиеттерді оқу қабілеттерін қалыптастырады. Оқулықты мамандық бойынша білім сапасын көтеру жүйесінде және өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Оқулыққа қосымша ретінде америкалық және британдық қаржы терминдерінің үлгілері, сондай-ақ түрлі елдердің ақша бірліктері мен шартты қысқартулары қамтылған тізімі енгізілген.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: