KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
Сызба геометрия – геометрияның инженерлер үшiн аса маңызды саласы. Ол түрлi бұйымдардың, физикалық және химиялық құбылыстардың қағаз бетiндегi кескiндерiн тұрғызу заңдылықтарын зерттейдi. Салынған кескiндерiне қарап, бұйымның пiшiнiн және кеңiстiктегi орнын анықтауға, физикалық және химиялық құбылыстарға түсiнуге болады. Осы кескiндердiң көмегiмен бұйымдарға немесе құбылыстарға байланысты мәселелердi талдау ережелерi де сызба геометрияда қарастырылады. Кескiн салынатын қағазды жазықтық деп қарастырады. Сондықтан сызба геометрияда жазықтықтағы кескiндердi салу, кескiндерiне қарап көлемi бар денелердi көз алдымызда елестету және кескiндерде түрлi инженерлiк есептердi шешу теориясы баяндалады.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: