KAZNRTU LMS / ВСЕ КУРСЫ
Страница курса: Поделиться в соц. сетях:
  • Язык курса: Казахский
  • Дата начала курса: 22.8.2016
  • Дата окончания курса: 22.8.2017
Студенттер инженерлік білімнің алғашқы негізін «Инженерлік және компьютерлік графика» пәнін оқу арқылы алады. Пән үш бөлімнен тұрады: сызба геометрия, техникалық сызу және AutoCAD графикалық жүйесі. Сызба геометрияны оқу арқылы студенттер кеңістіктік пішіндерді жазықтықта бейнелеудің негізгі әдістерін, яғни кескіндерді салу теориясын меңгереді, кеңістік пішіндерінің графикалық модельдері негізінде конструктивті-геометриялық ойлау қабілетін дамытады. Техникалық сызу бөлімінде мемлекеттік және халықаралық стандарттарды, конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесін меңгеріп, сызба геометриядан алған теориялық білімдері негізінде, тетік бөлшектердің эскиздерін және жұмыс сызбаларын орындайды, құрастыру сызбаларын, құрастырылған бұйым сызбаларын оқып және тетікбөлшектеуді орындауға дағдылар алады. AutoCAD графикалық жүйесін меңгеріп компьютерде сызбалар мен суреттерді компьютердің көмегімен орындауға қажетті білім алып дағдыланады. Осы алған компентециялары мамандық бойынша оқылатын техникалық пәндерді игеруде қолданылады.
Скачать обзор курса:
Курсы по схожим дисциплинам: